Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және екпінді желге байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай болжанып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20-28 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбеде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты