"Қазгидромет" Алматы мен тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 16 қыркүйекте Алматыда, сондай-ақ түнде Атырау, Өскемен және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені жөн.

Сонымен қатар 2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды