"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.
Республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады.
"Түнде және таңертең Қазақстанның батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.