Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы мәслихатының депутаттары "Медеу" өңірлік табиғи паркінің және "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы шешім жобасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешім жобасын мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын аумақтарға түсетін көлік және антропогендік жүктемені азайту.

Жаңа талаптарды енгізуге 2026 жылы 12 маусымда Конституциялық Соттың бұрынғы шектеуге қатысты шығарған қаулысы негіз болды. Сот 2016 жылы әкімдік қаулысымен белгіленген шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдерді мәслихат қабылдауға тиіс екенін және тұрғындардың құқығы ескерілуі қажет екенін атап өтті.

"Біз бұрынғы тәртіпті жай ғана сақтап қалуды емес, экологиялық жағдайды, заң талаптарын және тұрғындардың құқығын ескере отырып, көлік жүктемесін реттеудің заңды тетігін енгізуді ұсынып отырмыз", – деді Аршат Бахтыгереев.

Басқарма мәліметінше, бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың сегіз айында 179 024 көліктің өткені тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 76 606 болған.

Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлік құралдарына қолданылады.

Бұл ретте жаңа тәртіп тұрғындардың мүддесін, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің жұмысын ескереді. Аталған аумақта 48 жеке тұрғын үй, "Қазгидромет" пен "Қазселденқорғауға" тиесілі қызметтік-тұрғын үй ғимараттары, сондай-ақ Тұйықсу шатқалындағы нысандар орналасқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды