Қар барысының ұзын әрі қалың құйрығы – жай ғана көзге түсетін ерекшелік емес. Биік таулы аймақ жағдайында оның бірнеше маңызды қызметі бар.
- Тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Жартастардың арасында қозғалып, секірген кезде барыс құйрығын тепе-теңдігін сақтау және қозғалыс бағытын өзгерту үшін пайдаланады.
- Суықтан қорғайды. Демалған кезде қар барысы үлпілдек құйрығын денесіне орап, төмен температура жағдайында жылуын сақтай алады.
- Қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Құйрықтың қимылдары басқа даралармен өзара әрекеттесу кезінде көрнекі белгі ретінде қызмет етуі мүмкін.
"Қарапайым ғана әдемі ерекшелік болып көрінетін нәрсе шын мәнінде қар барысының биік тауларда тіршілік етуіне бейімделуінің маңызды тетігі болып табылады", – деп қорытындылады мамандар.
Қар барысы – Орталық Азияның биік таулы аймақтарында мекендейтін, мысық тұқымдасына жататын сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі. Қазақстанда ол елдің ұлттық символы мәртебесіне ие болып, тәуелсіздік, күш пен тектіліктің бейнесі саналады.
2026 жылдың 2 қыркүйегінде еліміздің шығысындағы тауларда қар барысы фототұзаққа түсіп қалған.