Камераны бұрып жіберіп, кетіп қалған: фототұзақ қар барыстарының сирек кадрларын түсіріп алды
Сурет: pexels
Алдымен камера объективіне қар барысының аталығы түскен. Ол фототұзаққа жақындап, оны иіскеп көрген. Кейін тіпті камераны басқа жаққа бұрып жіберген. Алайда сол маңдағы басқа фототұзақ оқиғаның жалғасын түсіріп үлгерген.
Сол сәтте жақын маңда аналығы мен үш бөлтірігі де болған. Кішкентай барыстар анасымен ойнап жүрген.
"Бұл – адам көзінен таса жерде өтетін барс отбасының тіршілігін көруге берілген өте сирек мүмкіндік", – деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Қазақстанда қар барыстары негізінен елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда – Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай және Сауыр жоталарында мекендейді.
Бұған дейін 2026 жылғы қазанға дейін Қазақстанның жабайы табиғатына тағы бір амур жолбарысын жіберу туралы шешім қабылданатыны белгілі болған. Ол Тұран жолбарысының популяциясын қайта қалпына келтіруге бағытталған халықаралық ауқымды бағдарлама аясында Ресейден Қазақстанға әкелінген төрт жолбарыстың бірі.