Фотограф Тибеттегі алып қызыл найзағайды суретке түсіріп алды

Табиғи құбылыстарды түсіруімен танымал қытайлық астрофотограф Дун Шучан Тибетте сирек кездесетін жоғарғы атмосфералық найзағай түрі — қызыл спрайтты түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science дерегі бойынша, суреттер теңіз деңгейінен 5000 метрден астам биіктікте орналасқан Тибет үстіртінде түсірілген.

Сурет: Dong Shuchang / CGTV
Бұл ерекше құбылыс 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шаньнань қаласы маңында орын алған.
Қызыл спрайттар найзағайлы бұлттардың үстінде, шамамен 40–100 шақырым биіктікте, найзағайдың күшті соққысынан кейін пайда болады.
Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript