Бұған дейін әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың жанында әдепке сай емес әрекет жасаған екі полиция қызметкеріне қатысты дау туындаған еді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екеуі де жұмыстан шығарылды.
"Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жалпы, қоғамның пікірі екіге бөлінді: бірі қолдаса, енді бірі үзілді-кесілді қарсы болды. Біз бұл мәселені тәртіптік комиссияда қарадық. Комиссия олардың әрекетінен кем дегенде қызметтік әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптардың бұзылғанын анықтады", – деді Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, қызметтік міндетін атқарып жүрген және арнайы киімдегі полиция қызметкерлерінің мұндай әрекетіне жол беруге болмайды.
"Бәлкім, біз консервативті адамдар шығармыз. Дегенмен полиция қызметкері өзін бұлай ұстамауға тиіс деп есептейміз. Тәртіптік комиссия бұл әйелдерді қызметтен босатқан жөн деген шешімге келді. Мүмкін, олар мәдениет саласында өз орнын табар", – деді Игорь Лепеха.
Бұған дейін бұл жағдайға Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берген еді.