VIP-нөмірлі жеті көлік БАКАД-та жол ережесін бұзды

Сурет: Instagram/egovpress
Әлеуметтік желіде VIP-нөмірлі бірнеше қымбат көліктің жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады. Полиция әлеуметтік желідегі жарияланымға байланысты шара қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жеті құқық бұзушы анықталып, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ал көліктері арнайы тұраққа қойылды.

"2026 жылғы 21 қыркүйекте "egov.press" ақпараттық арнасында ЖҚЕ-ні өрескел бұза отырып қозғалған жеті көліктің видеосы жарияланды. Жедел әрекет ету мақсатында Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 17 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбикеев.

Полицияның анықтауынша, 17 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында жүргізушілер Алматы қаласының Қалқаман шағынауданынан шығып, Алматы-Бішкек тасжолымен жүрген. Кейін олар БАКАД-қа шығып, сол жерде бірнеше жол ережесін бұзған.

Атап айтқанда:

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ талаптарын сақтауға және басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан