Семейде газгольдер жарылды: зардап шеккендер туралы не белгілі

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Семейде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан, кейін газ тасымалдайтын көліктің жарылуы нәтижесінде шыққан өрт толық сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, оқиға Сосновая көшесінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт бір қабатты автожуу ғимараты мен екі жеке тұрғын үйге тараған.

Оқиға салдарынан екі адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, полиция департаментінің, жедел медициналық жәрдем станциясының және "Зеленострой" ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 90-ға жуық адам мен 30 техника жұмыс істеді.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Өрт толық сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Семейдің Солтүстік ауданында, Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратының ашық жалынмен өртеніп жатқаны хабарланған еді. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газгольдер жарылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды