Оның айтуынша, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 38,5 трлн теңгені құрады.
"Бұл жалпы ішкі өнімнің небәрі 20,9%-ы. Үкіметтің борышы ЖІӨ-нің 20%-ына тең. Біз борыш деңгейі төмен елдердің қатарындамыз", – деді Серік Жұманғарин.
Министр кейбір елдердің борышы ЖІӨ-нің 100%-ынан, тіпті 200%-ынан асатынын атап өтті.
"Біз қанша қарыз алатынымызды, оны қалай және кімнен алатынымызды мұқият қадағалаймыз. Борышымыздың басым бөлігі, шамамен 75%-ы – ішкі борыш", – деп қосты ол.
Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарынан неліктен тұрақты түрде қарыз алатынын түсіндірген еді.