Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алуда отандық тауарларға басымдық беруді тапсырды

Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 13:48 Фото: primeminister.kz
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 17 қарашада үкімет отырысында мемлекеттік сатып алу кезінде отандық өнімге басымдық беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы Қазақстанда шығарылатын баламасы бола тұра, импорттық тауарларды сатып алу мемлекет мүддесіне қайшы келетінін ерекше атап өтті.

"Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол – мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер",— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бір апта бұрын, 2026 жылғы 10 қарашада Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: