"Трамвайларды алып тастап, қайтадан трамвай әкелмек": алматылықтар жерүсті LRT жобасын жаппай сынап жатыр

Сурет: Instagram/almaty_qurylys
Алматыда 2026 жылғы қыркүйекте Момышұлы көшесінде жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) алғашқы рельстері төселіп бастады. Қала тұрғындары желінің эстакадамен емес, жер үстімен өтетініне таңғалып, болашақ жобаны "трамвай" деп атап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылықтар рельс төсеу жұмыстары түсірілген видеоның астындағы пікірлерде өз ойларын жазды:

Тұрғындар төселіп жатқан рельстердің жағдайына да назар аударды. Атап айтқанда, олардың бетінде тот бар екені айтылды.

"Алматы Құрылыс" құрылыс компаниясы қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

"Алматылық LRT дегеніміз жаңа трамвай ғана ма? Неге оны эстакадамен салмайды? Момышұлы көшесінде жаңа рельстер төселіп бастағаннан кейін осындай сұрақтар пайда болды. Шын мәнінде, LRT-ны міндетті түрде эстакадаға салу қажет емес. Алматыда бүкіл бағыт жер үстімен өтеді, бірақ ол көліктермен бірге жүрмейді. LRT үшін жеке жолдар жасалады. Пойыздар сағатына шамамен 70 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады. Тағы бір маңызды сұрақ – жаңа рельстер неге қазірдің өзінде тот басқан сияқты көрінеді? Бұл металдың ауа мен ылғалға реакциясынан болатын қалыпты жағдай. Ал іске қосу алдында рельстер тазартылады. Кейін пойыздардың қозғалысы кезінде олардың беті өздігінен тазаланып отырады", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Жеңіл рельсті көлік басқа көліктермен бірге кептелісте тұрады деген пікірлерге қатысты мамандар бұлай болмайтынын айтты.

"Жүйеде бағдаршамдармен байланыстырылған автоматика болады. Яғни құрам қиылысқа жақындаған кезде бағдаршам оған жасыл жарықты тезірек қосады", – деді мамандар.

Сонымен қатар Алматыдағы алғашқы LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланды.

Алматыдағы алғашқы LRT желісі "Алматы-2" теміржол вокзалынан Мөңке би көшесіне дейін созылады. Бағыт "Алматы-2" теміржол вокзалынан басталып, Абылай хан даңғылы, Төле би және Момышұлы көшелері арқылы депоға дейін барады.

Депо Алатау ауданында, индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады.

LRT іске қосылғаннан кейін Момышұлы және Төле би көшелеріндегі екі ортаңғы жолақ тек пойыздардың қозғалысына бөлініп, автокөлік қозғалысынан оқшауланады. Бұл қоғамдық көлікке басымдық беріп, қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға және жол-көлік оқиғалары қаупін азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар