17 қарашадан бастап жолы болатын үш жұлдыз белгісі
Сурет: magnific
20 жылдан астам уақыт бойы астрологиялық болжам жасап, И-Цзин тәжірибесімен айналысып келе жатқан астролог Руби Миранданың айтуынша, сейсенбі күні көпшілік өзгерістерді жеңіл қабылдай бастайды. Осы кезеңде ішкі алаңдаушылықтың орнын ризашылық пен сабыр басады, деп жазады YourTango.
Балықтар
Бұл белгі өкілдері табиғатынан сезімтал әрі жұмсақ келеді. Алайда эмоцияның шамадан тыс күшеюі кейде олардың көңіл күйіне әсер етеді. 17 қарашада болатын жағымды оқиғалар олардың жан тыныштығын бұзбайды. Өз белгісіндегі Айдың ықпалымен Балықтар өмірдің өзінен терең қуаныш сезініп, артық күйзеліссіз сәтті кезеңге қадам басады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін сәттілік ең алдымен ішкі сенімділік пен қауіпсіздік сезімі арқылы көрінеді. Енді жағымсыз ойлар олардың психологиялық қорғанысын бұза алмайды, керісінше, позитивті көңіл күй басым болады. Астрологтың айтуынша, олар өзгенің пікіріне жалтақтамай, өз ырғағымен өмір сүруді үйренген. Сондықтан 17 қарашадан бастап өмірлерінде жаңа бақытты кезең басталады.
Мерген
Мергендер ұзақ уақыт бойы өзгелердің мақұлдауына тәуелді болмауға ұмтылып келді. Енді осы қасиеті оларға сәттілік тартуға көмектеседі. Балықтар белгісіндегі Айдың ықпалы олардың айналасындағы әлеммен үйлесім табуына және өз болмысын сақтап қалуына мүмкіндік береді. Өзінің ерекшелігін қабылдау Мергендердің алдында жағымды оқиғаларға жол ашады.