Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі жаңа редакцияда жазылды.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші – медициналық ұйымдар қабылдайды. Ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы № 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы медициналық ұйымдар ақылы негізде береді.
Анықтама тек электрондық форматта рәсімделеді: ол медициналық цифрлық жүйеге енгізіліп, дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады. Қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болса, мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде ала алады.
Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру үшін азамат медициналық мекемеде тексеруден өтуі қажет. Тексеру нәтижесінде көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама электрондық форматта рәсімделеді.
Медициналық ұйымдарда физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, күту залы және құжат үлгілері қойылған стенд қарастырылуы тиіс.
Бұйрық 2026 жылғы 3 қазанда күшіне енеді.