Тек былтырдан бері 71 тауар-сүт фермасы іске қосылды – Президент
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударып, саладағы өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау керегін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, кейінгі жылдары мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге несие беру көлемі ұлғайып, асыл тұқымды мал сатып алуға басымдық берілген. Сонымен қатар жаңа фермалар мен бордақылау алаңдары салынып жатыр.
Атап айтқанда, былтырдан бері 71 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, 33 бордақылау алаңы салынған.
Президент енді осы өндіріс орындарының тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, шаруашылықтарды сапалы жем-шөппен қамтамасыз ету, дайын өнімді өткізу мәселелерін шешу маңызды. Бұдан бөлек, жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге, егістік көлемін ұлғайтуға және шаруа қожалықтарының су көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуі керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript