Сондай-ақ метеорологтардың мәліметінше, түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде тұман түседі.
Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұратыны болжанады.
Бұл ретте бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі: Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстары және Абай облысының жекелеген аудандарында;
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысының жекелеген аудандарында.
Бұған дейін синоптиктер еліміздегі үш ірі қала бойынша алдағы үш күнге (25-27 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.