Оқиға 2026 жылғы 27 қыркүйекте Көкшетау қаласында болған. Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen маркалы көлік қозғалыста болған кезде жүргізуші мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Қыз көлік жүріп келе жатқанда одан түсіп кеткен. Салдарынан дене жарақатын алған.
"Бұл факт Көкшетау қаласының полиция басқармасында тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Көкшетау қаласының полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Екібастұзда әлеуметтік желіге контент түсіру үшін жолда қауіпті трюктер жасаған екі жас жүргізуші ұсталған болатын.