Департамент мәліметінше, 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 09:38-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болған. Оның Алматыдағы сезілу қарқындылығы 3–4 баллды құрады.
"Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының болжау комиссиясының қорытындысына сәйкес, сағат 10:30-дағы жағдай бойынша жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Сабыр сақтап, тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймыз. Жағдай Алматы қалалық ТЖД бақылауында", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінен кейін құтқарушылар өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында ықтимал зақымдардың бар-жоғын көзбен шолып тексерді.
Осы күні таңертең ерте Қазақстанда тағы бір сейсмикалық оқиға тіркелген еді.