ТикТокта қаралы күнге қатысты бейәдеп сөз айтқан қазақстандық 10 тәулікке қамауға алынды

Фото: pexels
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шымкент тұрғындарының қатысуымен өткен TikTok-тағы тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, эфир кезінде көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап берген 21 жастағы Нұрахмет Бердібай қоғамды анық құрметтемейтінін көрсететін және қоғамдық тәртіпті бұзатын пікірлер айтқан.

Сондай-ақ тікелей эфирде 22 жастағы Абзал Мусурманқұл мен Бақдаулет Мұстафа отырған.

"Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды", – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар үшеуіне де қоғамға жат әрекетке жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды. Олар бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты тиісті өкімге қол қойған.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді