Оның сөзінше, соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Қытай бағытында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол салынды. Алтынкөл станциясы мен Алтынкөл – Жетіген учаскесі жаңғыртылды. Соның нәтижесінде Қытай бағытындағы өткізу қабілеті тәулігіне 75 пойызға дейін жеткізілді", – деді Тайжанов.
Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті арттырылған.
"Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталып, Сырдария станциясы ашылғаннан кейін бұл бағыттың өткізу қабілеті тәулігіне 60 пойызға дейін жетеді", – деді вице-министр.
Бұған дейін қазақстандық астықтың Қытайға экспорты үштен бірге өскені туралы жазған едік.