Қазақстандықтарға әлеуметтік желілер мен WhatsApp-тағы жарияланымдарға қатысты қатаң ескерту жасалды

Фото: pexels
Қазақстандықтар өздері туралы көпшілік алдында пікір білдірген адамдарды сот арқылы жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы соттың 2026 жылғы 30 қыркүйектегі мәліметінше, соттар қорлайтын жарияланымдарды өшіруді, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді теріске шығаруды және өзгенің фотосуретін келісімінсіз жариялағаны үшін моральдық зиянды өтеуді міндеттейді.

Мысал ретінде жуырда қаралған екі іс келтірілді.

"Өскемен тұрғыны Instagram-да өзі туралы жағымсыз жарияланымдарды көрген. Екі қолданушы оның фотосуретін балағат сөздермен бірге жариялап, әдепсіз мінез-құлық танытқанын және "клиенттерге қатысты пайдакүнемдік мақсатта айла-шарғы жасағанын" меңзеген", – деп хабарлады сотта.

Жазба авторлары сотта мұны "жеке пікіріміз" деп ақтауға тырысқан. Алайда сот олардың бұл уәжімен келіспеді.

"Нақты бір адамға қатысты эмоциямен айтылған айыптаулар дәлелдермен расталуға тиіс тұжырымдар болып саналады. Жауапкерлер мұндай дәлелдер ұсынбаған. Сонымен қатар адамның фотосуретін оның келісімінсіз жариялаудың да құқықтық салдары бар", – деп түсіндірді сотта.

Нәтижесінде жауапкерлерге жарияланымдарды өшіріп, ондағы мәліметтерді теріске шығаратын жазба жариялау міндеттелді. Олардың әрқайсысынан моральдық зиянды өтеу үшін 300 мың теңгеден, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.

Осы санаттағы тағы бір істі Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты аумақтан тыс соттылық тәртібімен қарау үшін Жамбыл облысының Шу аудандық сотына жолдаған. Іс онлайн форматта қаралды.

"Астана тұрғыны тұрғындар жиналысына қатысқаннан кейін көп ұзамай өзінің фотосуреті WhatsApp-тағы екі чатта жарияланғанын анықтаған. Бұл чаттарда жалпы 1,5 мыңға жуық адам болған. Сот мессенджердегі скриншоттарды электрондық дәлелдемелер деп танып, адамның келісімінсіз оның фотосуретін көп адам қатысатын чатта жариялау құқықтарын бұзатынын анықтады", – делінген хабарламада.

Алайда сот чаттағы хабарламаларды өшіру туралы талапты қанағаттандырмады. Себебі белгілі бір уақыт өткеннен кейін оларды өшіру техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Нәтижесінде талап қоюшының пайдасына екі көршісінің әрқайсысынан моральдық зиянды өтеу үшін 20 мың теңгеден өндірілді.

"Осылайша, әлеуметтік желілерде жеке пікір білдіру жауапкершіліктен босатпайды, егер онда нақты адамға қатысты фактілермен расталмаған айыптаулар болса. Мұндай мәліметтерді жариялаған адам олардың шындыққа сай екенін сотта дәлелдеуге дайын болуы керек. Адамның өз бейнесіне құқығы бар екенін де ұмытпаған жөн. Фотосуретті келісімсіз жариялау, соның ішінде топтық чаттарда немесе стористе бөлісу құқықтық салдарға әкелуі мүмкін", – деп ескертті Жоғарғы сот.

Сот тәжірибесі хат алмасу скриншоттары мен экран суреттерінің осындай дауларды қарау кезінде электрондық дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін де көрсетеді.

Өзге адам туралы жарияланымдар үшін ғана емес, жеке контент үшін де жазаға тартылуға болады. Мәселен, Петропавл тұрғыны аза тұту күні жариялаған видеосы үшін әкімшілік қамауға алынған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін