Ең үлкені – 106 жаста: қазақстандық зейнеткерлер туралы қызықты статистика жарияланды

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 11:57 Фото: Zakon.kz
1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Осы күнге орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар туралы қызықты статистика ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, қазір Қазақстанда 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы төлемдерін алады.

Олардың 64%-ы – әйелдер, 36%-ы – ерлер.

Зейнеткерлердің арасында ұзақ жасаған жандар да бар. Қазір елімізде жасы 100-ден асқан 44 зейнеткер тұрады.

Қазақстандағы ең қарт зейнеткер әйел 106 жаста. Ол Шымкентте тұрады. Үлкен әрі тату отбасы оны қамқорлығына алған.

Ал ерлер арасында ең қарт зейнеткер – Алматының 104 жастағы тұрғыны Зұлхарнай Сейітов. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор және академик.

Зұлхарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын жүріп өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен ұстаздыққа арнаған. Еңбек еткен жылдары 150-ден астам ғылыми еңбек, монография және оқу құралының авторы атанған.

2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстандағы зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер мен көмек қарастырылғанын және оларды қалай алуға болатынын егжей-тегжейлі жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: