Алматы тауларында Оңтүстік Корея азаматы жоғалып кетті

Фото: Zakon.kz
Алматы тауларында Оңтүстік Кореядан келген турист жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 1953 жылы туған Оңтүстік Корея азаматы Чо Кукхи 2026 жылғы 28 қыркүйекте топпен бірге тауға көтерілген. Кейін ол өз бетімен сәл жоғары көтеріліп, одан соң төмен түсетінін айтқан. Содан бері одан хабар жоқ.

Оқиға Шымбұлақтан жоғары, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктіктегі Талғар асуында болған. Туристің қай бағытқа кеткені белгісіз.

Сурет: Threads/saltanat_gahariya

Жоғалған азаматты еріктілер мен құтқарушылар іздеп жатыр. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматы тауларында Франция азаматының зардап шеккені хабарланған еді. Ол 4317 метр биіктіктен төмен түсу кезінде аяғын қайырып алып, өздігінен қозғала алмаған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты