Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларына бақылау күшейтіледі: 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшем құралдары міндетті салыстырып тексеруден өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 1 қазанда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстанда электр қуаттау станцияларындағы өлшемдердің дәлдігіне қатысты жаңа талаптар енгізіледі. 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау кезінде жүргізілетін өлшемдер мемлекеттік реттеу саласына жатқызылады. Ал осы мақсатта қолданылатын өлшем құралдары міндетті салыстырып тексеруден өтуге тиіс".

Тиісті талаптар ҚР сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №272-НҚ "Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығында көзделген.

Министрліктің мәліметінше, өзгерістер ең алдымен электромобильдерді қуаттау кезіндегі есеп айырысудың дұрыстығын қамтамасыз етуге және тұтынушылардың мүддесін қорғауға бағытталған.

"Қазір электромобильді қуаттау құны берілген электр энергиясының көлеміне тікелей байланысты. Сондықтан тұтынушымен есеп айырысуға негіз болатын жабдық көрсеткіштерінің қажетті өлшеу дәлдігін қамтамасыз етуі маңызды. Жаңа талаптар енгізілгеннен кейін электр қуаттау станцияларында берілген электр энергиясын есепке алу үшін қолданылатын өлшем құралдары белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкес келіп, уақтылы салыстырып тексеруден өтуге тиіс", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сауда министрлігінің түсіндіруінше, салыстырып тексеру өлшем құралының жарамдылығын, белгіленген дәлдік шегінде жұмыс істейтінін және электромобильге берілген электр энергиясының нақты көлемін дұрыс анықтайтынын растауға мүмкіндік береді.

"Осылайша, тұтынушы автокөлікті қуаттау кезінде нақты берілген электр энергиясының көлемі үшін ғана ақы төлейтініне қосымша кепілдік алады", – делінген хабарламада.

Жаңа талаптарға сәйкес, электр қуаттау станцияларының иелері мен операторлары қолданылатын өлшеу жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылап, олардың уақтылы салыстырып тексеруден өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Ал электромобиль иелері үшін бұл есеп айырысу кезіндегі ықтимал қателіктерден қосымша қорғаныс болып, жабдық көрсеткіштерінің дұрыстығына сенімділікті арттырады.

"Қазақстанда электр көлігінің дамуы және қуаттау инфрақұрылымы желісінің кеңеюі аясында өлшемдерге міндетті талаптар енгізу өзекті бола түсуде. Электр қуаттау станцияларының саны артқан сайын нарықта дәлдік, ашықтық және оператор мен тұтынушы арасындағы сенім қағидаттарына негізделген бірыңғай жұмыс ережелері қалыптасып келеді", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 21 шілдеде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанда электромобильдерге сұраныстың артуына қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін