Бұл ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 1 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін алматылық әйел 9 жастағы ұлын көршісі зорлағанын мәлімдеген еді.