Тағайындау туралы ақпаратты ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 2 қазанда жариялады.
Агенттіктің мәліметінше, бұл тағайындау еліміздің атом саласының алдында жаңа міндеттер тұрған кезеңде жасалып отыр.
"Оның басшылығымен атом энергетикасын дамытуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті нығайтуға, бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіруге және Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталған ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру жалғасады. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл жинақталған және жаңадан түзілетін радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге қажетті инфрақұрылым мен ұйымдастырушылық тетіктерді құруды қамтиды", – делінген ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің хабарламасында.
40 жастағы Ғұмар Серғазиннің атом саласындағы мемлекеттік басқару бағытында көпжылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары ол ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 2017–2023 жылдары комитет төрағасының орынбасары болған.
2023 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарған. Кейін ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
Айта кетейік, бір күн бұрын, 1 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғұмар Серғазинді Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатқан еді.