Алайда көпшіліктің назарына топтама емес, модельдің макияжы ілікті. Модельдің қабағына кәдімгі косметиканың орнына көзді бақырайтып көрсететін арнайы жапсырмалар жапсырылған. Ал қазақстандық модельдің өзі подиумда көзін іс жүзінде жұмып жүрді.
Бұл тұста қазнет қолданушылары да пікірлерін жарыса жазды. Желіде түрлі пікірлер, соның ішінде Асылайға қолдау білдірген жазбалар да пайда болды.
- Ауруханада түсіріп жатыр ма?
- Қазіргі модельдер аяушылық сезімін тудырып, олар үшін алаңдатады.
- Қыз өте сұлу, жарайсың! Сәттілік тілеймін.
- Сұлулық – тура мағынасында қорқынышты күш.
- Бәрінің көзіне бірдеңе болған сияқты...
- Модельдер біртүрлі, көргенде қорқынышты.
- Қалай болғанда да, отандасымыз үшін қатты қуаныштымын.
- Таңертең жұмысқа бара жатқандай, метрода келе жатқандай әсер қалдырады.
- Енді менде комплекс жоқ.
- Бұрын модельдер стильдің символы еді, қазір неғұрлым қорқынышты болса, соғұрлым жақсы...
- Сұлулық туралы түсінік өзгерді...
- Еуропадағы мына стиль тағы не? Макияждарына қарасаң, ақырзаман алдындағы кезең сияқты.
- Қызымыз үшін қатты қуаныштымыз. Мұндай "жауынгерлік бояусыз" ол өте сұлу!
- Қазір модельдер неғұрлым қорқынышты болса, соғұрлым жақсы болатын сияқты!
- Жақында подиумда роботтар жүретін шығар.
- Тамақ беріңдер оларға! Зұлым өліктер.
- Оларды неге сонша қорқынышты етіп бояған?
- Психиатриялық ауруханадағы науқастарға ұқсайды.
- Қорқынышты фильмге кастинг өтіп жатқандай. З
- омби-апокалипсис пе, әлде біз қартайып, сәнді түсінбей қалдық па?
- Бұл модельдер қай планетадан келген?
- Қорқынышты фильмдер де мұндайды көрмеген шығар.
Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Асылай Болат модельдік мансабын 14 жасында отандық агенттікте бастаған. Қазір бұрын баскетболмен айналысқан модель әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі – IMG Models-пен жұмыс істейді. Ол агенттіктің Париж, Милан және Лондондағы филиалдарында ұсынылған.
Еуропадағы дебютіне дейін Асылай Азияда Chanel және Louis Vuitton сән көрсетілімдеріне қатысып үлгерген.