"Семей орманындағы" жемқорлық: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

Сурет: YouTube/knbgovkz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында сыбайлас жемқорлық схемасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 2 қазанда таратылған хабарламада мынадай мәлімет берілген:

"Биылғы қыркүйекте ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Тергеу мәліметінше, олар ағаштарды жаппай заңсыз кесу және сату бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, ақшалай сыйақы үшін құны жоғары орман учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген".

Комитеттің мәліметінше, тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары мен ақшаны бөлу туралы қолжазба жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі ("Пара алу". – Ред. еск.) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Комитет өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтынын түсіндірді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Сүйін Құрмантаевқа қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 2026 жылғы 11 қыркүйекте ҰҚК жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазақстан
Өскемен
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін