Тоқаев Кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына ЖИ енгізу мәселесін талдауды тапсырды

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін сапалы өндірістік деректер қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорындарда өндірістік мәліметтердің үлкен қоры болғанымен, олардың сапасы әркелкі және деректер шашыраңқы күйде сақталған. Сондықтан мәліметтердің бір бөлігі жасанды интеллект жүйелерінде пайдалануға жарамсыз.

"Бізге бірыңғай сапа стандартына сай, өзара байланысты және қауіпсіз пайдалануға болатын салалық өндірістік мәліметтер қажет. Отандық зерттеушілер мен бағдарлама әзірлеушілер оған кедергісіз қол жеткізуге тиіс", – деді Президент.

Сонымен қатар коммерциялық құпия, стратегиялық ақпарат және аса маңызды мәліметтер сенімді түрде қорғалуы керектігі айтылды.

Үкіметке бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, салалық өндірістік деректер базасын қалыптастырудың ортақ тәсілдерін әзірлеу тапсырылды. Отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу кезінде осы деректерді тәжірибеде пайдалануға басымдық беру көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан жасанды интеллектіні дамыту үшін қажетті негіз қалыптастырғанын атап өтті. Ендігі міндет – бұл әлеуетті экономикалық нәтижеге айналдыру.

"Жасанды интеллект ел индустриясын дамытатын құрал болуға тиіс. Бұған Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Аталған жұмысты стратегиялық мәні зор секторларда күшейте түсу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент осы орайда Кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылауды ұсынды.

Көлік-логистика секторын цифрландыру оның әлеуеті мен тиімділігін арттырып, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталмақ.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін