Алматы мен Шымкентте де сынап бағаны төмендеп, күннің күрт салқындайтыны болжанады.
Астана
- 4 қазан: аспан бұлтты, күннің соңында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +8...+10°C (әрі қарай төмендейді). Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндіз кей тұстарда - 15-20 м/с.
- 5 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +3...+5°C. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с, күндіз тіпті 30 м/с және одан да көп болады.
- 6 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +2...+4°C. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұстарда түнде 23-28 м/с дейін жетеді.
Алматы
- 4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +26...+28°C. Жел екпіні - 3-8 м/с.
- 5 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +12...+14°C. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұстарда түнде 15-18 м/с дейін жетеді.
- 6 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +13...+15°C. Жел екпіні - 3-8 м/с.
Шымкент
- 4 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +15...+17°C. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұстарда түнде 15-20 м/с дейін жетеді.
- 5 қазан: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +13...+15°C. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұстарда түнде 15-20 м/с дейін жетеді.
- 6 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +15...+17°C. Жел екпіні - 8-13 м/с.
Бұған дейін синоптиктер 4 қазанда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.