Тегін бауырсаққа талас: Астанада дүкен ашылуында тегін тамақ үшін адамдар бірін-бірі таптады

Фото: Zakon.kz
Астанада дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған акция кезінде ұлттық тағамдар қойылған шағын үстелді санаулы минутта қала тұрғындары қоршап алып, адамдар арасында итеріс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Астанада дүкеннің ашылуы кезінде болған итеріс сәті түсірілген видео тарады. Хабарланғандай, демалыс күндері қала тұрғындарына арнап фуршет ұйымдастырылған. Алайда іс-шара көп ұзамай жоспардан тыс жағдайға ұласқан.

Бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдар қойылған шағын үстелді қалың жұрт қоршап алды. Адамдар бір-бірін итеріп, тамаққа жетуге тырысқан. Кейбіреулер мүмкіндігінше көбірек алып, қалтасына да сала бастаған.

Видео авторы мұндай дүрбелеңді ешкім күтпегенін атап өткен.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай Атырауда да болған. Сауда орталығында жаңа киім бутигінің ашылуы дүрбелең мен итеріске ұласқан еді. Арзан бағалар мен тегін тағамдарға қызыққан сатып алушылардың көптеп жиналған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін