Оның мәліметінше, кен құрамындағы пайдалы компоненттердің азаюы мәселесін шешу үшін датчиктер мен компьютерлік көру технологиясы қолданылатын өндірістік үдерістің цифрлық егіздері енгізіліп жатыр.
"KAZ Minerals мысалында мысты бөліп алу көрсеткіші 2%-ға, ал фабриканың өнімділігі 7%-ға артты. 2028 жылға қарай цифрлық егіздерді ірі кәсіпорындардың кемінде 60%-ына енгізу жоспарланып отыр. Осындай тәсіл автомобиль өнеркәсібінде де қолданылуда", – деді Нағаспаев.
Оның айтуынша, жасанды интеллект логистикадан бастап сапаны бақылауға дейінгі бүкіл өндірістік тізбекте қолданылады.
"Нәтижесінде ақаулар саны 39%-ға азайды, ал өндірістік желідегі қалыптан тыс жағдайлар 8 секунд ішінде анықталады", – деп қосты министр.
Бұған дейін Премьер-министр отандық өнеркәсіптің цифрлық трансформациясына баға берген болатын.