Тапшылық туындаса, Қазақстан отынды қайдан әкеле алады – Энергетика министрлігінің жауабы

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 7 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында Ресейден жеткізілетін мұнай өнімдерінің көлемі азайған жағдайда Қазақстан оларды қайдан импорттай алатынын және балама нұсқаның қаншаға түсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Аббат Өрісбаев Ресейден жеткізілім азайған жағдайда ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мұнай өнімдерін алатын балама көздері бар-жоғын сұрады.

"Иә, бізде балама бағыттар бар. Мысалы, басқа мемлекеттер Еуропадан импорттайды. Әрине, логистикалық қиындықтар бар. Егер Еуропадан әкелетін болсақ, алдымен Қара теңіз арқылы, одан әрі теміржолмен тасымалдаймыз. Бұл – логистикадағы қиындықтардың бірі. Соның салдарынан тасымалға байланысты қосымша шығындар туындайды. Ал Ресейден импорттауға келсек, бұл елмен ортақ шекарамыз ең ұзын, мұнай өңдеу зауыттары да негізінен шекара бойында орналасқан. Сондықтан Ресейден сатып алу бізге өте тиімді", – деп жауап берді Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, Еуропамен салыстырғанда, еуропалық мұнайдың бағасы ресейлік мұнайдан кемінде 50%-ға қымбат болады.

"Бұлар, әрине, экономикалық және логистикалық қиындықтар. Бұл келісім сол қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Тағы бір жайт: бағаларды салыстырсақ, Еуропадағы баға Ресейге қарағанда кемінде 50%-ға қымбат. Осылайша, бұл келісімді ратификациялау экономикалық әрі логистикалық қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді", – деп жалғастырды министр.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімнің қолданысын қайта жалғастыратын хаттаманы ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қарап, қабылдаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін