Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы түрде консервациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Жұмыстар 1-10 қазан аралығында кезең-кезеңімен жүргізілуде. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының "Жасыл Алматы" КММ мамандары субұрқақ кешендерін суық мезгілге дайындап жатыр.

Субұрқақтар тоқтатылып, суы ағызылады, тостағаны мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, құрғатады, ал жабдықтардың кейбір құрылымдары алынып, қысқы сақтауға жіберіледі.

Консервациялау жұмыстары инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температураның әсерінен қорғау үшін қажет. Бұл ретте, әр нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріледі.

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін