Депутат балаларға ваучерлік қаржыландыру тетігін өзгертуді ұсынды

Фото: pexels
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова 2026 жылғы 7 қазандағы депутаттық сауалында мектепке дейінгі жастағы балаларды ваучерлік қаржыландырудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол балабақшадағы кезек мәселесі көптеген ата-ана үшін әлі де өзекті екенін атап өтті.

"Әсіресе Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарға сұраныс жоғары. 2025 жылы енгізілген ваучерлік қаржыландырудың негізгі мақсаты – бюджет қаражатын балабақшаларда нақты көрсетілген қызметтерге бағыттау және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Қазір баланы мектепке дейінгі ұйымға орналастырудың екі жолы бар. Егер бос орын болса, бала бірден балабақшаға қабылданады. Ал бос орын болмаса, ол күту парағына енгізіледі. Алайда баланы күту парағына қою үшін алдымен оны басқа балабақшаға тіркеу қажет. Соның салдарынан мемлекеттік балабақшадан орын күтіп отырған ата-аналар баласын көбіне жекеменшік ұйымға тіркеуге мәжбүр", – деді Қожахметова.

Осылайша, бала бір балабақшада тіркеліп тұрады, бірақ іс жүзінде басқа балабақшадан орын күтеді. Осыған байланысты депутат: егер бала балабақшаға бармаса, мемлекет оған ваучерлік қаржыландыруды не үшін төлейді деген сұрақ қойды.

"Кейбір жекеменшік балабақшалар баланы іс жүзінде қабылдамайды, тек қағаз жүзінде тіркеп қояды. Ата-аналар мемлекеттік балабақшадан орын алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін мұндай шарттарға келісуге мәжбүр. Мемлекеттік қаражат нақты көрсетілген қызмет үшін төленуі тиіс. Сондықтан негізгі өлшем баланың балабақшада жай ғана тіркелуі емес, оның осы ұйымда нақты болуы және тиісті қызметтерді алуы болуы керек", – деді Қожахметова.

Ол мәселені шешу үшін мынадай шараларды ұсынды:

Бұған дейін Құрылтай депутаты Арман Ақылбай тұрғын үйлерді салу кезінде қарт адамдардың қажеттіліктерін ескеруді ұсынған болатын.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін