Компанияның мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр аралас қар мен қар жауады.
Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, көктайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына сай жылдамдықпен жүруді және күрт маневрлерден аулақ болуды ұсынамыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы соңғы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін "1403" нөміріне хабарласып білуге болады.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 8 қазанға дауылды ескерту жариялаған болатын. Болжам бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде -2°С-қа дейін үсік жүріп, қар жауады және дауылды жел соғады.