Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін екі қазақстандық әлі табылған жоқ — СІМ

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апат аймағында қалған қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Непал тарапының мәліметінше, ел аумағындағы іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда ресми түрде аяқталған. Қазір зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар барысында табылған мәйіттер мен жеке заттардың кімге тиесілі екені анықталып жатыр.

Ал Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қытай тарапы мәйіттерді анықтау және генетикалық сараптама жүргізу жұмыстарын да қолға алған.

Бұған дейін Қазақстаннан барған үш турист хабар-ошарсыз кетті деген ақпарат тараған еді. Олардың екеуі Непалда, біреуі Қытайда болуы мүмкін деп болжанған.

"Непалда болуы мүмкін деп есептелген қазақстандықтардың бірімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат болған аймаққа барудан бас тартқаны анықталған. Қазір ол Қазақстанда", – делінген хабарламада.

Қалған екі қазақстандықтың қайда екені әзірге белгісіз. Олардың туыстары қажетті рәсімдерден өтіп, Непал мен Қытайдың құзыретті органдары талап еткен тәртіппен ДНҚ сараптамасы үшін биологиялық материал тапсырды.

Қазақстандық дипломаттар хабар-ошарсыз кеткендердің отбасыларымен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін