Энергия үнемдеуге қатысты жаңа түзетулер қазақстандықтардың коммуналдық төлемдеріне қалай әсер етеді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 15:12 Фото: pexels
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2026 жылғы 25 қарашада Құрылтайда өткен брифингте энергия үнемдеуге қатысты жаңа талаптар тұрғын үйлерді міндетті түрде жаңғыртуды және коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді көздемейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің қазақстандықтардың коммуналдық төлемдеріне қалай әсер ететінін, атап айтқанда, шығындардың азаятынын немесе, керісінше, тарифтердің өсетінін сұрады.

Қуандық Қажкенов энергия үнемдеуге қатысты жаңа талаптар қазақстандықтарды бұрыннан салынған тұрғын үйлерді жаңғыртуға міндеттемейтінін түсіндірді. Тұрғын үйді жөндеу, жылу оқшаулау немесе энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да жұмыстарды жүргізу туралы шешімді баспана иелері өздері қабылдайды.

"Келесі жылға арналған республикалық бюджетте жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастырылған. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарға бағытталады. Қаржыландыру қаражатты кейіннен қайтару шартымен жылдық 1% мөлшерлемемен жеті жыл мерзімге беріледі", – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді пәтер иелері мүлік иелерінің бірлестігінің (МИБ) жинақ шотында жиналған қаражатты ескере отырып, өздері қабылдайтынын атап өтті.

Ал тарифтердің өсуіне байланысты тұрғындарға қосымша қаржылық жүктеме түсуі мүмкін бе деген сауалға вице-министр қаралып жатқан заң жобасында мұндай өзгерістер көзделмегенін айтты.

"Сумен, электр энергиясымен және жылумен жабдықтау тарифтерін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы реттейді", – деп түсіндірді Қуандық Қажкенов.

Сонымен қатар вице-министр заң жобасында жаңа нысандарды салу кезінде энергия үнемдейтін технологияларды қолдану көзделгенін атап өтті.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: