Болжамға сәйкес, кең ауқымды антициклон республикамыздКүның барлық дерлік аумағында жылы, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райын тудырады.
"Тек Қазақстанның шығысында ығысып бара жатқан циклондардың әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатыны болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұман жатқызылады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге (10-12 қазан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.