Аудан прокуратурасының мәліметінше, Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында заң бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы "Ел-Дәулет" асханасын тексеру нәтижесінде оның қызметін тоқтату туралы ұйғарым шығарған кезде аудандық прокуратураны хабардар етпеген.
Осыған байланысты прокуратура басқарма басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 666-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты. Нәтижесінде оған 432 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта айыппұл толық өндірілген.
Прокуратура мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылғанын ескертті.