Түзетулердің мақсаты – бюджеттік бағдарламаларды тексеру қорытындысы бойынша іссапарларға бөлінетін бюджет шығындарын оңтайландыру.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзгерістерді қабылдау қызметтік іссапарларға, соның ішінде шетелге сапарларға жұмсалатын мемлекеттік қаражат шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Алайда нақты қандай өзгерістер енгізілетіні айтылмаған.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 5 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қолданыстағы қағидалар ҚР Еңбек кодексінің 127-бабының 6-тармағына сәйкес бюджет есебінен іссапар шығындарын өтеу тәртібін реттейді.