Қазақстанның бес облысында 24 қазанда -7 градусқа дейін аяз болады

Сурет: pixabay
Қазақстанда 2026 жылғы 24 қазанда, сенбі күні қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, сенбіде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның шығыс жартысында қар жауады.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

"Шығыста төмен бұрқасын болуы мүмкін. Шығыста, сондай-ақ түнде елдің солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 1-7 градусқа дейін аяз болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады