Үкіметте алимент өндіру тәртібі түсіндірілді

Фото: pixabay
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты шараларды қатаңдату мүмкіндігіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстанда сот орындаушыларының борышкерлердің табысын анықтау жөніндегі өкілеттіктері заң жүзінде кеңейтілгенін еске салды. Атап айтқанда, олар платформалық жұмыспен қамту саласындағы интернет-платформалар мен мобильді қосымшалардың операторларынан, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылардан мәлімет сұрата алады.

Сонымен қатар жолаушылар тасымалы, жеткізу қызметі, құмар ойындар және электрондық ақшамен жасалатын операциялардан түсетін кірістерді анықтау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес, алимент бойынша берешек борышкердің нақты жалақысы мен өзге де кірістеріне қарай есептеледі. Егер борышкер жұмыс істемесе немесе оның кірісін растайтын құжаттар болмаса, берешек республика бойынша орташа айлық жалақы негізінде айқындалады. Бұл ретте ең төменгі жалақы берешекті есептеудің жалпы базасы ретінде белгіленбеген. Егер алиментті борышкердің жалақысынан немесе өзге де кірістерінен үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаса, сот орындаушысы берешек мөлшерін анықтап, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға, оның ішінде борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға міндетті", – делінген жауапта.

Сондай-ақ берешектің бір бөлігін өтеу борышкерді қалған соманы төлеу міндетінен босатпайтыны және атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуға өздігінен негіз болмайтыны атап өтілген.

"Осылайша, аталған шараларды іске асыру және процестерді автоматтандыру борышкерлердің кірістерін толық анықтауға және балаларды асырау жөніндегі міндеттемелерді орындаудан жалтару жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді Премьер-министр.

Бұған дейін алиментті аудару тәртібіне енгізілген өзгерістер туралыжазған едік.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады