Өскеменде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам зардап шекті

Сурет: instagram/novosti__uka
Өскеменде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 27 қазанда таңертең Әуезов даңғылы мен Жеңіс даңғылының реттелетін қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан қозғалып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол бергеніне көз жеткізбеген. Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан бір жолаушы медициналық көмекке жүгінді.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, Қостанайда жолаушылар автобусының жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол салонды ластаған жолаушыларға шағымданғаннан кейін айыппұл арқалады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы