Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 11:51 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ірі инфрақұрылымдық жобаларға қажетті материалдар мен жабдықтарды ел ішінде өндіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы экономиканың негізгі салаларын дамыту үшін өнімді терең өңдеуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жобаларға басымдық беру керектігін атап өтті.

"Әсіресе, ірі инфрақұрылымдық бастамаларға қажетті құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын, инженерлік жабдықтарды өз елімізде өндірген жөн. Мұндай жобалар "Халықтық құрылыс" бағдарламасының тірегіне айналуы керек деп санаймын", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты маңызды талапты да атады.

"Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды. Бұл – маңызды талап", – деді мемлекет басшысы.

Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеумен қатар, оларды сақтау мен сату жүйесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

"Ірі холдингтерден бастап, шағын шаруа қожалықтарына дейін агрологистика орталықтарының қызметін кедергісіз пайдаланатын мүмкіндік болуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріп, Үкімет пен "Бәйтерек" холдингі бірлесіп нақты шешімдер қабылдауы қажет екенін жеткізді.

Сондай-ақ экономиканың дамуына серпін беру үшін озық технологиясы, қажетті сараптамалық тәжірибесі және жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндігі бар жетекші шетелдік және отандық компанияларды тарту керектігін айтты.


"Инвестицияның тиімділігі жұмыс істей бастаған өндіріс орындарының санымен, сапасымен және оның экономикаға қосқан нақты үлесімен бағалануға тиіс", – деді президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: