Жолдау-2026: логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет
Фото: qaj.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы логистиканы елдің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі деп атады.
"Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы "Бақты – Аягөз" теміржол желісі іске қосылатынын мәлімдеді.
"Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады", – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент тамыз айында құрылысы басталған "Арал – Каспий" күре жолының маңызына тоқталды.
"Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алатынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript