Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел дамуының алдағы жоспарын айқындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 13:20 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел дамуының алдағы жоспарын айқындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы еліміздің тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтып, соңғы уақытта болған елеулі өзгерістерге тоқталды.

"Біз біртұтас ел болып, аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұртымызға, әсіресе өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция – халқымыздың темірқазығы, ел ішіндегі түбегейлі өзгерістерге тың серпін берген қастерлі құжат", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Құрылтай сайлауы өтіп, оның құрамына кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар, соның ішінде көптеген жас кіргенін атап өтті.

"Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент осы қадамдардың нәтижесінде еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылатынын айтты. Оның сөзінше, бұл – ауқымды реформалардың аса маңызды бөлігі.


"Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: