Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан Чехиямен өзара құрмет пен сенімге негізделген әріптестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді", – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал чех халқына бақ-береке тіледі.