Астанада көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірді жасыруға арналған арнайы құрылғы орнатылған көлікті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 10:20 шамасында Алаш даңғылында болған. Полиция қызметкерлері тексеру үшін BMW маркалы көлікті тоқтатқан.

"Тексеру барысында көлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы орнатылғаны анықталды. Мұндай құрылғыларды пайдалану көлікті сәйкестендіруді, құқық бұзушылықтарды анықтауды және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды қиындатады", – деп хабарлады Полиция департаменті 2026 жылғы 29 қазанда.

38 жастағы жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен ол 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бұған дейін Астананың тағы бір тұрғыны көлігінің капотына балағат сөз жазылған жапсырма жапсырғаны үшін қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді